Жаңа оқу жылында Маңғыстау облысында 8 962 бүлдіршін 1-ші сынып табалдырығын аттады

АҚТАУ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Жаңа оқу жылында Маңғыстау облысында 8 962 бүлдіршін 1-ші сынып табалдырығын аттады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл облыстың барлық мектептерінде бірінші сынып оқушыларына тегін мектеп формасы мен тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Биыл облыс бойынша жүз балдан асқан және «Алтын белгіге» ие болған оқушылар саны екі есе артты.

Республика бойынша ең жоғары 125 балл жинаған сегіз баланың қатарында бейнеулік Ақниет Байбозтегі де бар.

Облыстың 6 мектебі республикадағы 100 үздік мектеп санатына кірді.  

Білім беру сапасы бойынша облыс республикада төртінші орын алып, былтырғыдан бір саты жоғарылады.

Жоғары жетістіктерге жетуге биыл аудандар мен қалалардан 1012 оқушыны дайындаған облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының үлесі зор.

Мектепке дейін білім жүйесін дамыту мақсатында «Балабақшаға барамыз» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 

Жаңаөзен қаласының іргесіндегі Теңге селосында 280 орындық, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында 140 орындық, Қарақия ауданы Құрық селосында 280 және Сенек ауылында 50, Маңғыстау ауданы Қызан ауылында 80 орындық балабақшалардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Осылайша, биыл 1990 орындық  11 мектепке дейінгі мекеме қолданысқа берілді.

Жалпы саны 1160 баланы қамтитын 6 балабақшаны қайтарып алу жұмыстары жүргізілуде.   

Техникалық -кәсіптік білім беруді қолдау және дамыту шаралары аясында соңғы үш жылда облыста 7 колледж бен кәсіптік лицей ашылды.

Облыстық бюджет есебінен техникалық-кәсіптік маман дайындауға мемлекеттік тапсырыс 1057 шәкіртке артты.

Қазір мемлекеттік тапсырыс бойынша 2560 бала оқуда. Аталған білім беру мекемелері 95 кәсіпке оқытады, оның дені - техникалық мамандықтар.

Кәсіптік- техникалық білім беру орындарының түлектерін дайындау, жұмысқа орналастыру, өндірістік тәжірибе ұйымдастыру ісіне облыс кәсіпорындары белсенді араласуда.

 Осы мақсатта облыс кәсіпорындарымен әріптестік жөнінде 113 келісімшарт, меморандумдар мен тікелей келісімдер бекітілді.

Соңғы жаңалықтар