Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Жаңа Парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Тоқаев
Фото: Kazinform

— Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақсы естілуі қажет. Бұл - мен үшін айқын ұстаным. Талқылау кезінде маған Парламенттегі Президент квотасын қалдыру керек деген ұсыныс айтылды. Бірақ мен жаңа Парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін. Депататтардың ішінде арнайы тағайындалған "таңдаулы тұлғалар" болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануы тиіс. Соған сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Парламент реформася аясында әйелдердің 30% квотасын сақтап қалу ұсынылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум