Жаңа рекорд: Әлем чемпионатында 20 пенальти белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Иран мен Португалия арасындағы матчта екі пенальти белгіленді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Жаңа рекорд: Әлем чемпионатында 20 пенальти белгіленді

Арбитр Энрике Касерес бейнебақылау жүйесін пайдаланып, Иранның пайдасына қарай, Португалияға 11 метрлік айып добын белгіледі. Бұл - турнирдегі жиырмасыншы пенальти. Бұған дейін Криштиану Роналду он тоғызыншы пенальтиді орындай алмаған болатын.

Әлем чемпионаттарының тарихында осынша көп пенальти ешқашан болмаған. Белгіленген пенальтилер бойынша бұған дейін жасалған рекорд - 18. Бұл 1990, 1998 және 2002 жылғы Әлем чемпионаттарында болған. 2018 жылғы Әлем чемпионатында алғаш рет төрешілерге ойындағы даулы мәселелерді шешу үшін мүмкіндік беретін бейнебақылау жүйелері іске қосылды.