Жаңа Рим Папасы Роберт Прево болды
АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа Рим Папасы АҚШ-тан шыққан кардинал Роберт Прево болды, деп хабарлайды Kazinform.

Жаңа Рим Папасы Лев XIV есімін таңдаған.
Понтифик Сикстин капелласының балконында көп ұзамай көрінді — бұл Ватикандағы Әулие Петр алаңының үстінде ақ түтін көтерілгеннен кейін болды, ол конклавтағы дауыс берудің сәтті өткенін білдіреді.
Бұл жолғы конклавқа әлемнің 70 елінен рекордтық көрсеткішпен — 133 кардинал қатысты.
Осыған дейін Сикстин капелласының мұржасынан қара түтін екі рет шыққан еді: сәрсенбі күні кешкісін және бейсенбі күні таң ата. Бұл уақытта дауыс беру шарасы өткен еді.
Рим Папасын сайлау үшін қатысушылардың үштен екісі дауыс беруі керек, қазіргі жағдайда ол 89 адам. Конклавқа бүкіл әлем бойынша барлығы 133 кардинал қатысады.
Бұл дауыс берудің төртінші мүмкіндігінде Рим Папсы сайланған еді.