16:10, 30 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жаңа Салық кодексін түсіндіру шараларына халық ықыласпен қатысуда ? ОҚО
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Оңтүстік Қазақстан облысының салық қызметкерлері бүкіл қаңтар айы бойы бизнес өкілдерімен жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру іс-шараларын жүргізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Шымкенттегі кездесу облыстық театр үйінде өтті. Жаңа құжатқа егжей-тегжейлі қанығуға ниет білдіргендердің көп болғаны соншалықты, залда ине шаншар орын болмады. Облыстық департаменті қызметкерлерінің айтуынша, Салық кодексіне енгізілген жаңалықтар бизнесмендердің оң пікірін туғызды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан үшін маңыздысы шағын кәсіпкерлік субъектісі аванстық төлемдерді тек жыл аяғында ғана төлейді. «Егер шағын кәсіпкерлік субъектілері іс жүзінде салық төлеушілердің 93 пайызын құрайтынын, ал олардың аванстық төлемдері 7 миллиард теңгеден асатынын ескерсек, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін мемлекеттің қандай шараларға барып отырғанын аңғару қиын емес», ? деп түсіндірді облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Роза Исаева.Салық кодексін түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда. Барлық мүдделі адамдар мұндай кездесулерде өз сұрақтарына тек ауызша жауап алып қана қоймайды, бланк материалдары мен буклеттеріне де ие болады.