Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жаңа сервистердің арқасында кәсіп ашып, мемлекеттен қолдау алу жеңілдейді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ұлттық экономика министрлігі бизнес-қауымдастыққа екі жаңа цифрлық өнімді ұсынды. Әзірлемелер бизнес бастауды жеңілдетіп, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді арттыруға арналған.

ҰЭМ кәсіпкерлерге арналған жаңа цифрлық сервистерді таныстырды
Фото: ҰЭМ

Прототиптердің тұсаукесері «Атамекен» ҰКП алаңында өткізілді. Кездесудің басты мақсаты — жүйелер ресми іске қосылғанша кәсіпкерлермен бірге интерфейстерді сынақтан өткізіп, нарықтың нақты сұранысына сай болу үшін функционалдылықты жетілдіру.

ҰЭМ кәсіпкерлерге арналған жаңа цифрлық сервистерді таныстырды
Фото: ҰЭМ

Бірінші цифрлық өнім — кәсіпкердің Бірыңғай жеке кабинетіне біріктірілген Міндетті талаптар тізілімі. Бүгінгі таңда бизнесті жүргізуге қойылатын талаптар көптеген нормативтік құқықтық актілерде бар. Бұл оларды іс жүзінде қолдануды қиындатады. Жаңа сервис оларды бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіріп, таңдалған қызмет түріне қарай, кәсіпкерге арналған міндетті талаптардың дербес тізбесін қалыптастырады. Чек парағын алу үшін пайдаланушының қызмет саласын таңдап, бірнеше нақтылайтын сұраққа жауап беруі жеткілікті. Осыдан кейін жүйе рұқсат құжаттарын алу үшін мемлекеттік қызметтерге тікелей сілтемелері бар қажетті талаптардың тізімін автоматты түрде қалыптастырады.

Қазір тізілімге экономиканың түрлі саласын қамтитын 106 мыңға жуық міндетті талап енгізілген. Цифрлық сүзгілеуді қолдану артық талаптарды болдырмай, кәсіпкерлердің нақты қызметіне қатысты нормаларды ғана ұсынуға мүмкіндік береді. Тізілім сонымен қатар бизнеске әкімшілік жүктемені бағалауға мүмкіндік береді. Кіріктірілген есептеу механизмі әрбір міндетті талапты орындау қанша уақыт пен қаржылық шығынды талап ететінін анықтайды. Бұл кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдірудің қосымша құралы. 

ҰЭМ кәсіпкерлерге арналған жаңа цифрлық сервистерді таныстырды
Фото: ҰЭМ

Ұсынылған екінші сервис Мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай жүйесі. Ол барлық қолданыстағы субсидиялау, жеңілдетілген несиелеу, кепілдік беру және грант бағдарламалары туралы ақпаратты біріктіреді. Кәсіпкерлер қолайлы қолдау құралдарын таңдап, бірыңғай цифрлық сервис арқылы өтініш бере алады. Бизнес өкілдері бастаманы қолдап, сервистерді дамыту жөнінде ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, заңнамадағы өзгерістер туралы проактивті хабарламаларды енгізу, сондай-ақ пайдаланушылардың ыңғайлылығын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалану ұсынылды.

ҰЭМ кәсіпкерлерге арналған жаңа цифрлық сервистерді таныстырды
Фото: ҰЭМ

— Біз бизнес қоғамдастықтың талап-тілегін дер кезінде білу үшін әдейі прототиптерге дайындық кезеңінде келдік. Кәсіпкерлердің заңнамадағы өзгеріс туралы хабарламаларды енгізу туралы идеясы-бұл керемет кейс. Келіп түскен барлық ұсыныс егжей — тегжейлі талданып, жүйелерді өнеркәсіптік пайдалануға берудің алдындағы пысықтау кезінде ескеріледі, — деп атап өтті ұлттық экономика вице-министрі Бекболат Молдабеков.

ҰЭМ кәсіпкерлерге арналған жаңа цифрлық сервистерді таныстырды
Фото: ҰЭМ

Бұған дейін «Халық бухгалтері» акциясы аясында 60 мың кәсіпкер тегін кәсіби көмек алғанын жазғанбыз.