Жаңа Шүлбі балалар үйінің тәрбиеленушілері ардагерлерге арнап концерт қойды
СЕМЕЙ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Ардагерлер жанымызда» акциясының аясында Шығыс Қазақстанның Жаңа Шүлбі балалар үйінің тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді.
Балалар үйінің қызметкерлерінің айтуынша, балалар бұл шараға үлкен ыждаһатпен дайындалған, шақыру қағаздарын таратқан, ардагерлерге қамқорлық көрсеткен. Балалар үйінің тәрбиеленушілері сондай-ақ, өз күштерімен «Қуаныш сыйла» атты концерт ұйымдастырды және дастархан жайып, ардагерлерге өз қолдарымен әзірлеген тәтті дәмдер ұсынды. Ал кездесуге келе алмаған ардагерлердің тәтті сыйлықтарын балалар үйлеріне апарып берді.