07:31, 17 Қаңтар 2015 | GMT +5
Жаңа Суэц каналын салу жоспарлануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр билігі жаңа Суэц каналын салу үшін шетелден инвесторларды тартпақшы, деп хабарлады www.24.kz.
Президент Әбдел Фаттах әс-Сисидің жобасы елдің экономикалық жағдайын түзеу үшін қолға алынбақ. Жергілікті билік арна бойынша тауар тасымалынан түсіп жатқан 5 млрд долларға жуық пайда 2023 жылға қарай бірнеше есеге артады дегенді алға тартады. Сонымен қатар мысырлықтар көлемі 76 мың шаршы шақырым болатын халықаралық көлік-логистикалық алып айлақты да салуды жоспарлап отыр. Жаңа жоба 145 жыл бұрынғы каналмен қатар жатпақ. Оның құрылысы осы жылдың тамызында аяқталуы тиіс екен.
- Жаңа Суэц каналын салуға көмектесемін деушілерге мархабат. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Оған қоса жобаны жүзеге асыруға атсалысқан елдерге жаңа мүмкіндіктер ашылады, - деді Суэц каналы әкімшілігінің басшысы Мохаб Мемиш.