15:45, 24 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Жаңа үйлердің дыбыс өткізбеу қабілеті неге нашар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев жаңадан салынған кейбір үйлердің шуылдан қорғау қабілеті неліктен әлсіз екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дыбысты өткізбейтін материал екі қабырғаға қаланған кірпшітердің арасына төселеді. Бәлкім шаршы метрдің құны қолжетімді болу үшін үнемдеу әсерінен ауытқу болатын шығар. Бірақ негізі кез келген құрылыс компаниясы құрылыс материалын орнымен, қажет мөлшерде пайдалануға тырысады», - деді Талғат Ерғалиев құрылысшылар одағы отырысының БАҚ өкілеріне берген сұхбатында.
Ол өзі басқаратын құрылысшылар одағы бұл мәселені қадағалмайтынын атады.
«Жоқ, біз бұл мәселені тексермейміз. Себебі біз бақылаушы орган емеспіз. Біз құрылыс компанияларының мүмкіндігін кеңейту жолында қолдау көрсетеміз. Осы арқылы неғұрлым көбірек баспана салынып, ел мұқтаждығын азайтуға күш саламыз. Біздің негізгі миссиямыз осымен байланысты», - деп түйіндеді Талғат Ерғалиев.