Жаңа заң тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы жағдайды жақсартпайды, керісінше бизнеске жан-жақты жүктеме болмақ ? А.Перуашев

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Жақында ғана қабылданған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңы отандық бизнеске жан-жақты жүктеме болады.
None
None
Бұл туралы бүгін Ұлттық баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Азат Перуашевтің сөзіне қарағанда, заңда мемлекеттің экономикалық саясатын құру тұрғысында көптеген күмәнді тұстар бар. Аталмыш заң жобасының сараптама деңгейінің өзінде-ақ «Атамекен» одағы» ҰЭП кері сараптама қорытындысын берген болатын. «Біз бұл заңды қабылдау кәсіпкерліктің мүддесіне айтарлықтай зардабын тигізеді деп ойлаймыз. Әсіресе, әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында», - деп атап өтті ол. Баспасөз мәслихатында заң жобасында тұтынушылардан тұратын көптеген әртүрлі бақылау құрылымдарының пайда болуы қарастырылғандығы айтылды. Егер қазіргі уақытқа дейін тек мемлекеттік органдар айналысқан болса, қарастырылып отырған жобаға сәйкес кез келген азаматтар бірігіп, сауда үдерісін ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлер арасындағы барлық келісімдер мен шарттарды бақылай алады. «Менің ойымша, мұндай бірлестіктердің құрылуы кәсіпкерлік қызметті қажетсіз қосымша бақылауға әкеп соғады. Заңнамаға сәйкес тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы шығарылатын өнімнің сапасына баға береді деп қарастырылған. Дегенмен, азық-түлік, машина жасау, ауыл шаруашылығы және тағы басқа салаларда бір ғана адам қалайша сарапшы бола алады? Бұл заң тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы жағдайды жақсартпайды, керісінше ? бизнеске жан-жақты жүктеме болмақ», - деп атап өтті А.Перуашев.
Соңғы жаңалықтар