Жаңа заң жобасында кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызатын критерийлер қайта қарастырылады - Б.Сағынтаев

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Жаңа заң жобасында кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызатын критерийлер қайта қарастырылады.
None
None

Бұл туралы бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында «Рұқсат құжаттарды азайту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметтерін оңтайландыру мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.

«Кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызатын критерийлер заң жобасында қайта қарастырылуда. «Активтердің орташа жылдық құны» критерийі жалпы объективті «орташа жылдық табыс» көрсеткішіне келесідей шекті мәнде бекітіліп алмастырылады. Атап айтқанда, шағын бизнес үшін 60 мың айлық есептік көрсеткішке тең. Бұл шамамен 91 млн. теңгені құрайды. Ал ірі кәсіпкерлік үшін 3 млн. АЕК болады. Орта бизнеске шағын және ірі бизнес субъектілеріне кірмейтін субъектілер жатқызылады»,-  деді ол.

Оның атап өтуінше, әлемдік тәжірибеге сәйкес елімізде критерийлерді пайдалану шектелетін болады.

Аталған заң жобасының қабылдануы бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені айтарлықтай азайтып, кәсіпкерліктің одан әрі қарқынды дамуына септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар