Жаңа Зеландия астанасы бір сағат электр қуатынсыз қалды

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияның астанасы - Веллингтон бүгін бір сағат бойы электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Франс-Пресс агенттігі.

Жаңа Зеландия астанасы бір сағат электр қуатынсыз қалды

Оқыс оқиға, қала маңындағы шағын электр стансасының бірінде күшті қуатты желіге үзілген сымның жайсыз құлауы себеп болған, деп болжау айтылады. Сол кезде стансада жоспарлы техникалық тексеру жүріп жатқан.

Тосын жағдайдан ешкім зиян шекпеген: шағын стансаға аз ғана залал келген. Дегенмен, электрді өшіру Веллингтонның өзіндегі 84 мыңнан астам адамды қолайсыз жағдайға душар етті.

Еріксіз "blackout" (қараңғылау) кесірінен бағдаршамдардың біраз бөлігі өшіп қалып, автокөліктер қозғалысы едәуір қиындық туғызған. Желілер бойында мәжбүрсіз іркілген троллейбустар басқа көліктегілерге кедергі келтірген.