Жаңа Зеландияда 6,2 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM –  Жаңа Зеландияның батыс жағалауында 6,2 балдық жер сілкінісі болды, деп жазды Анадолы агенттігі.

Жаңа Зеландияда 6,2 балдық жер сілкінісі болды
Фото: Анадолы

АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) жер сілкінісінің эпицентрі елден батысқа қарай шамамен 286 шақырым (175 миль) жерде болғанын хабарлады.

Жобамен 10 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісінің магнитудасы 6,2 деп анықталды.

Бастапқы мәліметтерге қарағанда, жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы ескерту жасалмаған.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, Эквадорда 6,3 балдық жер сілкінісі болды.

 

Соңғы жаңалықтар