Жаңа Зеландияда зілзала болды
АСТАНА. Желтоқсанның 17-сі. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда жер сілкінісі болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпуінің күші 4 балға жетті. Бұл жөнінде ұлттық сейсмология қызметі мәлім етті. Зілзаланы Солтүстік аралдарының тұрғындары сезінді. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы әзірге мәлімет жоқ.