Жаңа Зеландияның бір бөлігін қалың қар басты
АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа Зеландияның бірқатар өңірінде суық ауа райы күшейіп, елдің Оңтүстік аралының биік аймақтары мен төбелерін қар басты, деп хабарлайды Kazinform.
Данидин қаласын қалың қар жапса, Крайстчерч қаласындағы Порт-Хиллс жотасы ақ көрпеге оранды. Суық ауа райы қар аралас жаңбыр, бұршақ және қатты мұздай желмен қатар жүріп жатыр.
Веллингтон мен елдің тағы бірнеше өңірінде де ауа райы күрт суытып, қолайсыз жағдай қалыптасты.
Жаңа Зеландияның метеорологиялық қызметі түнде ауа температурасы одан әрі төмендейтінін ескертті. Соның салдарынан қатты үсік болып, жолдарда көктайғақтың пайда болу қаупі жоғары.
Бұған дейін «Эль-Ниньо» құбылысы 2026 жылдың тамыз-қазан айларында күшейіп, әлемнің көптеген өңірінде ауа температурасының қалыпты деңгейден жоғарылауына және жауын-шашын тәртібінің айтарлықтай өзгеруіне әкелуі мүмкін екенін хабарлағанбыз.
Сондай-ақ БҰҰ «Эль-Ниньо» салдарынан тағы 49 млн адам азық-түлік тапшылығына ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеді.