Жаңа жыл қарсаңында 3 бағытта қосымша пойыздар жолға шығады

АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа жылға қарай 3 бағытта қосымша пойыздар жолға шығады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов айтты. 

Жаңа жылға қарсы 3 бағытта қосымша пойыздар жолға шығады
Фото: ҚТЖ

– Әрине, біз қысқы маусымға арнайы қосымша пойыздар дайындадық. 20 желтоқсаннан бастап, қаңтардың басына дейін үш бағытта бір-бір пойыздан болады. Олар Алматы, Шымкент және Ақтөбе бағытында қатынайды. Біз оны санадық, 30 мың адамға дейін қосымша жолаушы тасымалдаймыз. Бұған қоса, қазіргі пойыздарға қосымша 600 вагон тіркеледі. Оған 30 мыңдай қосымша билет сатылады, - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Компания басшысы қысқы мауысымда темір жол билетінде тапшылық болмайтынына сендірді.

– Билет арзан болайды. Өйткені, бұл тарифтерді министрлік бекіткен. Бірақ, қымбаттамайды да, - деді Талғат Алдыбергенов.

Бұған дейін 14 желтоқсанынан бастап №145/146 «Астана – Омбы» жолаушылар пойызы жолға шығатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар