Жаңа жол ережесіне сәйкес такси көліктерінде балалардың арнайы орындықтарын алып жүру міндеттеледі
«Таксиде міндетті түрде балалардың арнайы орындықтары болуы тиіс. Бұл тұрғыда бірінші кезекті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беріліп отыр»,- деді ол.
Осы орайда басқарма басшысы такси жүргізушісі аталған орындықтарды көліктің жүк салғышында үнемі бірге алып жүруі тиіс екенін жеткізді. Қажет болған жағдайда оны көлік салонында орнатуға міндетті болады.
«Балаларды көлік ішінде қолда ұстап отыру қауіпті. Мәселен, сағатына 50 шақырым жылдамдықпен орын алған жол-көлік апаты кезінде баланың салмағы 30 есеге артады. Егер баланың салмағы он келі болса, ЖКО кезіндегі соқтығысу сәтінде ол 300 келіге жетеді. Осындай жағдайда баланың аман қалуы екіталай. Немесе бала көліктің терезесінен ұшып кетуі мүмкін. Сондықтан автоорындықтар қауіпсіздік үшін өте қажет», - деп түйді ол.