12:13, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жаңа жұмыс орындары мен мектептерді жөндеу мәселелері - аудан әкімдерінің есептері
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының аудан әкімдерінің есептеріне қойылған сын-ескертулер азайып, айтылған ризашылықтар көбейіп келеді.

Қазығұрт ауданының әкімі Нұржан Әжіметовтың есеп беру кездесуі сындарлы диалог түрінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылы ауданда екі жаңа кәсіпорын: «Шымкент-жеміс» консервілеу зауыты мен «Ақбура» ЖШС тігін цехы ашылды. Білім беру саласында жетістіктер аз болған жоқ. Біраз жылдан бері алғаш рет 39 мектепте жөндеу жұмыстары атқарылды, барлық жұмыстар аудандық бюджеттің есебінен жүргізілді. 5 мектеп, «Аққу» балабақшасы мен Мәдениет және спорт сарайы газбен жылыту жүйесіне ауыстырылды. Алтынтөбе және Қаржау ауылдарында су құбырлары тартылып бітті. Облыс бойынша қала мен аудан әкімдерінің 150 кездесуі өтті. Оңтүстікқазақстандықтар әдеттегідей белсенділік көрсетіп отыр, олар ауылдар мен қалалардағы тұрмысты жақсарту жөніндегі 1 078 ұсыныс енгізді. Жолдардың жағдайына, байланыс мәселесіне, жер телімдері мен елді мекендердің абаттандырылу жағдайына қатысты сауалдар да баршылық.