14:12, 14 Қаңтар 2010 | GMT +5
Жаңа жүйе орта білім беру саласының тиімділігін арттырмақ - ҚР БҒМ
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда Білім және ғылым министрлігі орта білім берумен қамтылған азаматтардың әрбіреуін ескере отырып, қаржыландыру тетіктерін әзірлеу мәселесін қарастыруда.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаментінің директоры Нұрғали Аршабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бұл жүйе орта білім беру саласының тиімділігін арттырмақ. «Отандық білім беру саласы тиімді жұмыс істеу үшін Білім және ғылым министрлігі орта білім берумен қамтылған азаматтардың әрбіреуін ескере отырып, қаржыландыру тетіктерін әзірлеу мәселесін қарастыруда. Бұл жүйемен 11-12 сынып оқушыларын қамту көзделген», - деді Н.Аршабеков.
Департамент директоры атап көрсеткендей, осылайша білім беру сапасы көтерілмек.