Жаңа жүйені үйлесімді дамыту үшін жаңа әлемдік валюта туралы жалпыға ортақ заң қабылдау керек ? экономист-ғалымның пікірі
АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Жүйелі дағдарыстан тек жүйелі жаңару жолымен ғана шығуға болады. Әлемдік дағдарыстың елдердің экономикаларына келтіріп отырған зардабын тек ықпалдасып қана азайтуға болады. Орнықты экономикалық даму тетігін жасау үшін күш біріктіру керек. Бұл туралы Қазақтың Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы, экономист Қаби Оқаев
ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты. ? Қаби Оқаұлы, наурыздың 6-сында Қазақстан Президенті республика халқына Жолдау жасағанын білесіз. Жұртты әбігерге салып отырған жаһандық дағдарысқа не себеп болғанын айтып өтсеңіз. Және Елбасының жаңа әлемдік валюта жасау туралы бастамасы жөнінде не айтар едіңіз? ? Мемлекет басшысының Жолдауын қарауды, меніңше, Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстан шығудың кілті» деген мақаласынан бастаған жөн сияқты. Мақалада автор қазіргі жаһандық экономикалық дағдарыстың негізгі терең себептерін ашып көрсете отырып, әлемдік экономиканың, саясаттың және жаһандық қауіпсіздіктің түбегейлі жаңа үлгісін құру жолдарын баяндайды. Н.Ә.Назарбаев ағымдағы жаһандық дағдарыстың негізінде әлемнің өзгеру қарқынына ілесе алмай отырған әлемдік валюта жүйесінің орын алып отырған олқылығы жатыр деп санайды. Ол дағдарысты іс жүзіндегі активтермен қамтылмаған іс жүзіндегі жалпы өнімді қоғамның шығаруы мен алыпсатарлық капитал арасындағы қарама-қайшылықтарға негізделген деп есептейді.Автор сонымен қатар, жаһандық дағдарыс ? бұл әлемдік валютаның, оның қозғалыс және айналым тетігінің терең ішкі ақауының заңды салдары деген қорытындыға келеді. Мақалада әлемдік валюталық-қаржылық жүйе қазіргі заманнан және оның талаптарынан мүлдем артта қалғаны аталады. Ол барлық әлемнің дамуын анық тежеп отыр. Мемлекет басшысы әлемдік валютаның жеті ақауын көрсетті. Әлемдік валюта туралы әлемдік заңнаманың жоқтығынан қолданыстағы валютаның заңдылық деңгейі туралы сөз қозғаудың қажеті де жоқ. Ол шынайы демократиялық, бәсекеге қабілетті және өркениетті болып табылмайды. Әлемдік валютаның қозғалысы мен эмиссиясына бақылау жасалып отырған жоқ, ал оның эмитенттері жауаптылық көтермейді. Өкінішке қарай, бұл әсерлі және нәтижелі болуда. Сондықтан, әлемдік экономиканың жаңа түбегейлі үлгісі ақаусыз жаңа әлемдік валютаға негізделуі тиіс. Көптеген ғалымдар мен мамандар жаһандық әлемдік валютаны жасау туралы Қазақстан Президентінің ұсынысымен келісетінін білдіреді және ұлтқа жатпайтын валютаны жасау дұрыс жолға шығарады деп санайды. Сонымен қатар, аймақтандыру тәсілі де назарға алынып отыр, оған сәйкес Еуропада, Азияда және Африкада өз валюталарын құруға болады.Жаңа жүйенің үйлесімді дамуы үшін басым елдер қол қойған және БҰҰ мақұлдаған әлемдік валюта туралы жалпыбұқаралық заңнама қабылдау қажет. Рынокта эмитенттердің жекелеген топтары үшін кез-келген артықшылықтарды болдырмау керек. Бірінші кезекте ақауы бар ескі әлемдік валютадан ауыртпалықты алу немесе ең болмағанда қайта бөлу және оны аймақтық және құрлықтық валюталық-есептік бірлік жүйесіне көшіру қажет етіледі. Мемлекет басшысының пікірінше бірыңғай әлемдік валютаны енгізу үшін өтпелі кезең болмақшы.Әлемдік дағдарыстан шығудың көптеген түрлі рецепттері мен жоспарларын зерделей отырып Н.Ә.Назарбаев әлемдік экономиканы түбегейлі жаңартудың жоспарын ұсынады.Мемлекет басшысының «Дағдарыстан ? дамуға» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы оның сындарлы тұжырымдалық жұмыстарының жалғасы болып табылады.Жолдауда алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалған, оның орындалуы әлемдік дағдарыстың теріс әсерлерінен арылуға көмектеседі және елдердің экономикаларын жаңа сапалық деңгейге шығарады. Сонымен қатар, дағдарыстың жалпы ауқымдылығы мен жаһандығы тек жеке елдердің немесе елдер тобының күшімен туындаған проблемаларды шешуді мүмкін етпейді.Жолдау дағдарысқа қарсы шараларға және Қазақстаның дағдарыстан кейінгі дамуына тұтастай арналған. Дағдарысқа сипаттама бере отырып, Мемлекет басшысы оның өтпелі сипатын және оның бізге сырттан келгенін атайды. Жолдау көңілге оптимизм ұялатады және болашаққа сенімділікті арттырады, өйткені онда орын алып отырған экономикалық жағдайдан шығудың жолдары көрсетілген. Ең бастысы, ел Президенті бірде-бір қазақстандықтың өз қиындықтарымен бетпе-бет қалмайтындығын атап айтады. Бұл ? осы құжаттағы негізгі мақсатты бағдар.? Өкінішке қарай, бүгінгі күні жаһандық дағдарыс жағдайы барлық елдерді қамтыды, біздердегі дағдарысқа қарсы шаралардың тиімділігі қаншалықты және Сіздің оптимизміңіздің алғышарттары қандай?? Ең алдымен, ұлттық қордың құрылуының арқасында ықтимал сілкіністер алдында экономиканың берік қоры қамтамасыз етілді, ал оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін сенімді фактор құрылымдық реформа, экспорттық әлеуетті дамыту және экономиканы әртараптандыру болды. Өткен жылдардағы жетістіктерге сүйене отырып, елде дағдарысқа қарсы нәтижелі шаралар жүзеге асырылды. Мынадай бес бағытты: қаржы секторын тұрақтандыру; жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу; шағын және орта бизнеске қолдау көрсету; инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық серпінді жобаларды іске асыру; агроөнеркәсіптік кешенді қолдау, осыларды дамытудың арқасында еліміз үшін маңызды: азық-түлік қауіпсіздігі мен экспортты әртараптандыруды қамтамасыз ету міндеттерін бір мезгілде жүзеге асыратын проблемаларды шешуді көздейтін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданды.Осы бағыттардың әрқайсысының аясында тұтас іс-шаралар кешені жүзеге асырылады. Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін екінші деңгейлі банктердің активтеріне және оларды қосымша капиталдауға мемлекеттің ықпалы жүргізіледі, екінші деңгейлі банктердің қызметтерін реттейтін жекелеген реттеуші нормалар төмендетілді, Стрестік активтер қоры қалыптастырылуда, теңгенің девальвациясы жүргізілді.Мемлекеттік қолдау көрсету мен отандық бизнесте, бірінші кезекте шағын және орта бизнесті қорғау бойынша іс-шаралар ауқымды. 2007 жылдың ортасынан бастап әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша қадамдар жасалды, 2008 жылы шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізілді, ал 2009 жылы шағын кәсіпкерлікті несиелендіру тіркелген 12,5 пайыздық ставка бойынша жүргізіледі.Жаңа Салық кодексі бойынша бірқатар мынадай: іс жүзіндегі тәртіппен инвестициялық преференциялар беру, корпоративті табыс салығын кезең-кезеңде екі есеге азайту, шағын және орта бизнес үшін корпоративті табыс салығының аванстық төлемдерін жою, есепке алу бөлігін өтей отырып қосылған құн салығының классикалық тәсіліне көшу жаңалықтары енгізілді. Тұтастай алғанда кәсіпкерлікті және атап айтқанда шағын және орта бизнесті тиімді дамытудың тұтқасы отандық өнімдерді мемлекеттік сатып алу бойынша жүйені жетілдіру болып табылады.Жолдауда елде дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қаржыландырудың қажетті көздерінің бар екендігі көрсетілген. Қазақстан өткен жылдарда ұлттық қорда қаржылық ресурстарды жинақтады және бұл 10 млрд. АҚШ доллары сомасындағы трансферттерді дағдарыс жағдайында ел экономикасына қаржылай қолдауға арнап бөлуге мүмкіндік берді. Қосымша ретінде ? 2009-2010 жылдары шикізат секторында ? 600 млрд. теңге мөлшерінде ? дағдарысқа қарсы шараларға, ұлттық қорды айналып өтіп, қаржыландыруға бағытталатын болады. Басқа қаржылық қор бюджеттің барлық шығыс баптары бойынша үнемделуі тиіс. Бұл үшін қаржылық тәртіпті қатаң сақтау, бюджеттік қаражаттардың пайдаланылуын жүйелі бақылау, ұтымды пайдалану мен үнемдеуге қол жеткізу қажет.ҚР Президентінің кепілдік бергеніндей, бұған дейін мемлекет алған әлеуметтік кепілдіктердің барлығы толық көлемде орындалатын болады. Үш жылдық бюджетте әлеуметтік салаға, бюджеттік қызметкерлердің еңбекақыларын, зейнетақылар мен жәрдемақыларға арналған шығыстарды арттыру көзделген.Жолдауда еңбек нарығын дамытуға айрықша көңіл бөлінген. Бұл маңызды міндет әралуан жолдармен шешілетін болады. Осы мақсатта инвестициялар ең алдымен коммунальдық желілерді қайта құруға және жаңартуға; құрылысқа; жолдарды қайта құруға және т.б. бағытталатын болады. Еңбек рыногын кеңейтудің айтарлықтай факторы әлеуметтік жұмыс орындарын арттыру, кадрларды қайта даярлау болып табылады. Жолдауда шетелдік жұмыс орындарын отандық кадрлармен кезең-кезеңімен алмастыру көзделген. Жолдауға сәйкес экономиканы жаңарту және базалық инфрақұрылымды дамыту жалғастырылатын болады, ол да елдегі еңбек нарығын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.? Бүгінгі күні дағдарыс жағдайында мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік қаншалықты тиімді?? Қайталап айтайын, Жолдауда әлемдік дағдарыстан жүйелік жаңару арқылы ғана шығуға болатыны атап айтылған. Сондай-ақ дағдарыс кезеңінде жүзеге асырылған бірлескен шаралар қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелерін беріп отыр. Осыған байланысты Жолдауда атап айтылған басқару проблемаларына, олардың өзектілігіне назар аударған жөн деп айтқан болар едім. «Осы жаһандық дағдарыстан кейін әлемдік қаржы жүйесін, мүмкін мемлекеттерді саяси басқарудың өзгеретініне сенемін», ? деді Н.Ә.Назарбаев. Осы жемісті идеяны іске асыру үшін ғалымдардың да, практиктердің де жұмылдырылған күші қажет етіледі. Жаңа әлемдік қаржылық жүйесін басқарудың тиісті жүйесі кезінде тиімді жұмыс істеуі мүмкін, сондықтан оны құру қажет және тиісті түрде экономикалық болмысқа енгізу қажет. Теориялық және практикалық көзқарас тұрғысынан Жолдаудың «қолмен басқару» туралы ережесі жаңалық болып табылады. ҚР Президентінің айтуынша, «экономиканы «қолмен басқару» қажеттілігіне көбісі келетін болады және реттеу осы дағдарыстан шығу ісі болады». Нарықтық қатынастардың қалыптасу және даму жылдары ішінде Қазақстандағы экономиканы мемлекеттік реттеу айтарлықтай дамуға ие болды. Халықты еңбекпен қамту мен әлеуметтік қорғау салаларында, инвестициялық және қаржы-бюджеттік салаларында, сондай-ақ табиғат қорғауда және сыртқы экономикалық қызметтерде айтарлықтай тәжірибе жинақталды.Экономикалық дағдарыс жаһандық және жаңа стратегиялық міндеттерді ескере отырып, экономиканы мемлекеттік реттеуді одан әрі кезек күттірмей күшейту қажеттілігін көрсетті.Елде жүзеге асырылып отырған дағдарысқа қарсы шаралардың нәтижелері экономиканы мемлекеттік реттеудің іс жүзінде және шынайы маңыздылығын көрсетеді. Қазақтың Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университеті даярлап жатқан экономистер, басқарушылар, қаржыгерлер және мемлекеттік басқару мамандары дағдарыс сабақтарын ескере отырып, ел экономикасын басқаруды жаңартуға тиісті үлесін қоса алатынын атап айтқым келеді.? Әңгімеңізге рахмет!