21:34, 30 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Жаңа жыл қарсаңында ОҚО-ның Сарыағаш ауданында 50 отбасы жаңа баспанаға ие болды
ШЫМКЕНТ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында 50 отбасы «Қол жетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспанаға ие болды.

Сарыағаш ауданының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаевтың айтуынша, қоныс тойын тойлаушылар жөндеуден өткен жатақханадан пәтерлерге ие болды. Барлығы ауданда баспана алу кезегінде 507 адам бар. Биліктегілер олар келесі жылы пәтер кілттеріне ие болады деп сендіруде. Ауданда 11 көпқабатты үй құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бірінші үйдің құрылысы 2014 жылдың наурызында басталады.