Жаңа жыл түні ұялы байланыс операторында жаңа рекорд тіркелді

деп хабарлайды ҚазАқпарат «КарТел» ЖШС -нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кар-Тел» ЖШС-нің техникалық директоры Тұңғышбек Батталхановтың айтуынша, жалпы Beeline абоненттері жіберген SMS-хабарламалар мен жасалған қоңыраулар санының ең үлкен бөлігі Жаңа жылдың алғашқы сағатында тіркелген. Қаңтардың 1-і күні түнгі 00:00 мен 01:00 аралығында 1 миллион 900 мыңға жуық SMS-хабарлама жолданып, 4 миллионнан астам қоңырау жасалды. Алдын ала жасалған дайындық жұмысының нәтижесінде байланыс операторы бұл жүктемені толық қамтамасыз еткен. Оның сөзіне қарағанда, Жаңа жыл түні жасалатын қоңыраулар саны жыл сайын артып келеді. Осы үрдіс биыл да өз жалғасын тауып, жаңа рекордтық көрсеткіш тіркелді. Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда қоңыраулар саны биыл 40 пайызға жоғарылап отыр.