Жаңа жылда Павлодар облысында 6 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ПАВЛОДАР. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңа жылдың 20 күнінде Павлодар облысының полицейлері 6271 әкімшілік құқық бұзушылық фактісін анықтады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Жаңа жылда Павлодар облысында 6 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Көшелерде спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық жерлерде мас күйінде жүргені үшін 3846 адам ұсталды, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 290, тыныштықты бұзғаны үшін - 84, есірткілік заттардың заңсыз айналымы үшін 34 адам ұсталып, олардың үстінен материал қозғалды.

Полиция жасақтары көшелер мен қоғамдық орындардан медициналық айықтырғышқа мас күйніде болған 1401 адамды жеткізді.

Павлодар ІІБ-ның қабылдағыш-бөлгіш орындарына тұрақты мекен жайы жоқ 314 адам орналастырылды.