Жаңа Жылдан бастап Еуроодақ төрағалығы Чехияға көшті

БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Чех Республикасы 2009 жылдың қаңтарынан бастап Еуропалық Одақ Кеңесінің төрағалығын Франциядан қабылдап алды. Енді ел үкіметі жарты жыл бойы Еуроодақ кездесулеріне басшылық етеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Чехия Франциямен (бұрынғы төраға) және 2009 жылдың екінші жартысында төрағалыққа кірісетін Швециямен бірге нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған 18 айлық бағдарлама әзірледі. Чехия Премьер-Министрі Мирек Тополанектің айтуынша, «бұл даярлықтар чех Президенттігінің ұлттық қана емес, бүкіл Еуропалық одақ үшін басымдығы». Чех президенттігі тауарлардың, капиталдың, жұмыстар мен қызметтердің және ақпараттар мен білімдердің еркін жылжуын көздейтін «Кедергісіз Еуропа» ұранымен өтпек. Басты басымдықтар экономика, энергетика және сыртқы байланыстар болмақ.
Соңғы жаңалықтар