Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жанабыловтардан тәркіленген 8 Hyundai Elantra аукционда сатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Сот үкімімен мемлекет кірісіне тәркіленген блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға тиесілі 8 Hyundai Elantra автокөлігі электронды сауда алаңында сатылды.

Тергеуші Жанабыловқа қатысты жала жабу бабы бойынша шағымдануы мүмкін
Фото: Kazinform; Freepik, @zhanabylov_e

Автокөліктердің әрқайсысы бастапқы бағасымен өткені белгілі болды. Мемлекеттік мүлік тізілімінің электронды сауда алаңындағы мәліметке сәйкес, 2025 жылы шығарылған сегіз Hyundai Elantra автокөлігі бойынша аукцион аяқталды. Сауда нәтижесінде барлық лот сатып алушыларын тапқан.

Жанабыловтардан тәркіленген 8 Hyundai Elantra аукционда сатылды
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Көліктердің жетеуі 8 млн 395 мың теңгеден, ал біреуі 8 млн 390 мың теңгеден сатылған. Сатылған автокөліктердің жалпы құны шамамен 67,2 млн теңгені құрады. Автокөліктердің жаңа иелері туралы ақпарат ашық жарияланбады. Саудаға тек құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ететін ұйымдар ғана қатыса алған көрінеді.

Жанабыловтардан тәркіленген 8 Hyundai Elantra аукционда сатылды
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Еске сала кетейік, 2025 жылы 11 автокөлікті ұтысқа қойып, курс сатқан блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың әрекеті Қазақстан Туризм және спорт министрлігі назарына іліккен болатын.

2025 жылдың 16 қазанында блогер Жанабыловтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Прокурор блогер Жанабылов пен әйелін 4 жылға соттауды сұрады.

Ал 27 сәуірде Астана қылмыстық соты ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім шығарды.