Жаңадан салынған «Балдырған» балабақшасына 150 бала қабылданды

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданының орталығы Державинск кентінде жаңадан салынған «Балдырған» балабақшасы 150 бүлдіршінге есігін  ашты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Аманбек Қалжанов балғындар орталығының ашылуының рамазан айымен тұспа-тұс келуін жақсылыққа балап, барша жұртқа қызық-қуаныш тіледі. Жаңа балалар мекемесінде 46 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, олар да мәз. Бұл шаруаға республикалық және жергілікті бюджеттен  140 миллион теңге қаржы жұмсалды. Іші-сырты көз тартар мекемеде барлық жиһаз-жабдықтар, басқа да қажеттіліктер алынып, орнатылған. Нәтижесінде ойын, музыка, демалыс бөлмелері, жатын орны мен асхана жақсы көз тартады. Ауладағы ойын алаңы да талапқа сәйкестендірілген.

Соңғы жаңалықтар