19:03, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жаңақалада бас жоспар жасалды
ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы орталығында жаңа бас жоспар жасалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауылдың алғашқы бас жоспары 1976 жылы түзілген болатын. Ұзақ мерзімге жасалған жоспар 2002 жылы толық игерілді. Құрылыстың қарқынды жүргені соншалық, соңғы бес жылда ауылдың бас жоспары алты рет толықтырылды. Сондықтан бюджеттен бас жоспарды қайта жасау үшін 13,6 млн. теңге бөлініп, бұл жұмысты «Күмбез» ЖШС атқарып шықты. Аталмыш серіктестік директоры Нұрғали Иманғалиевтің айтуынша, жоспар 10 жыл мерзімге жасалған. Қазір аудан орталығында 7082 адам болса, жоспар жүзеге асқанда, тұрғындар саны 10 мыңға, қордағы жерлерді есептегенде 15 мыңға жетпек.