Жаңақалада төрт батырдың мүсіні орнатылды

ОРАЛ. 11 мамыр. ҚазАқпарат -  Жаңақала ауданы орталығында Мәңгілік алау алаңында осы өңірден шыққан Кеңес Одағының Батырлары Мәжит Жүнісов, Сәлім Айтқұлов, Есен Орақбаев, Садық Жақсығұловтың мүсіндері орнатылды.
None
None

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,5 млн. теңге бөлініп, мүсіндерді Жаңақала аудандық мәдениет үйінің безендірушісі Досқали Мұратов жасады.

Садық Жақсығұловтың ескерткішін ашу құрметі аудан әкімі Лавр Хайретдинов пен батырдың зайыбы Вера Сергеевнаға берілді.

-Туған елінің батыр ұлын ұлықтағанына шексіз ризамын, -дейді В.Сергеевна.

Сәлім Айтқұловтың мүсінін соғыс және еңбек ардагері Мәжит Жаданов пен батырдың қызы Эльмира Айтқұлова ашты. «Ел басына күн туғанда  ерлік көрсете білген әкем үшін мақтанамын», - деді Э.Сәлімқызы.

Мәжит Жүнісовтің мүсінін ашуға ұрпағы Тұрарбек Оразғалиұлы, Есен Орақбаевтың ескерткішін ашуға батырдың ұл, қыздары қатысты.

Соңғы жаңалықтар