Жаңақорған кентінде жаңа аурухана пайдалануға берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Жаңақорған кентінде жаңа 190 орындық аурухана ғимараты пайдалануға берілді,

Жаңақорған кентінде жаңа аурухана пайдалануға берілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Төрт жыл бойы аурухана құрылысын жүргізген қызылордалық "Энергия" құрылыс компаниясы әлеуметтік нысанға бөлінген республикалық бюджеттің 1 млрд. 177 млн. теңгесін, облыстық бюджеттің 262 млн. теңгесін толық игерді. Ауруханада перзентхана, жүктілік паталогиясы, хирургия, терапия, балалар және жұқпалы аурулар бөлімдері жұмыс істейді. Емдеу орны заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жасақталған. Мұндай аурухананың пайдалануға берілуімен тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы жақсара түсетіні айтпаса да белгілі.