Жаңалығы жоқ технологиялық жобаны инновация деуге болмайды -

strong> Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан аумағында ашылған арнайы экономикалық аймақтарда әлі күнге дейін бірде-бір инновациялық жаңа өндіріс орны құрылған жоқ, деді "Сауран" алғашқы жеке технологиялық паркінің авторы және жетекшісі Еркінбек Бөкенбай бүгін Алматыда өткен таныстыру рәсімінде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Осы уақытқа дейін еліміздегі технологиялық парктерді ашу бастамасы жоғарыдан басталып, бюджеттен қаржыландырылып келді. Алайда олар әлі күнге дейін бос тұр. Инновациялық деп аталып жүрген жобалардың өзіне тән жаңалығы жоқ. Сондықтан шетелден сатып алынған дайын технологияны инновация деуге болмайды. Ғалымдарымыз қайда, олардың не істеп жүргені ешкімді қызықтырмайды", дейді ол. Оның айтуынша, Қазақстандағы алғашқы жеке технологиялық бұл парктің бастамасы төменнен басталған. Оның басты мақсаты - өндіріске жаңалық енгізу. Жаңа бизнес субьектілерінің ашылуына түрткі болып, олардың 3 жылдың ішінде аяғынан тұрып кетуіне себепкер болу. Өйткені қазіргі бизнес инкубаторлар өз қызметін дұрыс атқара алмауда. Ондағы кәсіпорындар өз ұясынан түлеп ұшуға асықпайды. Сол себепті бизнес субьектілері жаңа технологияларды өндіріске енгізу кезінде өзгенің арзан және ескі құрал-жабдығын сатып алып, жаңа өнім түрлерін өндіруде шапшаңдық көрсете алмай келе жатыр.

Соңғы жаңалықтар