Жаңаөзен қалалық ІІБ уақытша ұстау абақтысының басшысына қатысты сот отырысы куәгерлерден жауап алумен жалғасты
АҚТАУ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қалалық ІІБ уақытша ұстау абақтысының басшысы Ж.Теміровке қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы куәгерлерден жауап алумен одан әрі жалғасты,
деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес процеске қатысушылар куәгерлерге өз сұрақтарын қойды.
Сот отырысында 1 куәгерден жауап алынды.
Келесі сот отырысы 7 мамырда сағат 10.00-де өтеді.