Жаңаөзен: Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы куәгерлерден жауап алумен одан әрі жалғасты

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолданумен қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланған деп айыпталған құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы куәгерлерден жауап алумен
None
None

одан әрі жалғасты.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін сот отырысында ­13 куәгер сұралды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес процеске қатысушылар куәгерлерге өз сұрақтарын қойды.

Келесі сот отырысы 15 мамырда сағат 10.00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар