08:46, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Жаңаөзен: Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты сот процесінің барысын Ұлыбритания Елшілігінің кеңесшісі бақылады
АСТАНА-АҚТАУ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолдану арқылы қызметтік өкілеттіліктерін асыра пайдаланды деп айыпталған құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы,

10 мамыр күні куәгерлерден жауап алумен одан әрі жалғасты.
Сот отырысында 20 куәгер сұралды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес процеске қатысушылар куәгерлерге өз сұрақтарын қойды.
Сот отырысын Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің кеңесшісі Блейк Джеймс Томас Донал мен оның аудармашысы бақылады.
Келесі сот отырысы бүгін, сағат 10.00-де басталды.