Жаңаөзен оқиғаcына байланысты өткен сот үдерісінде ашықтық толық қамтылды - «Республикалық әйелдер одағы» бірлестігінің төрайымы Н. Каюпова

   АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Жаңаөзен оқиғасына байланысты өткен сот үдерісінде ашықтық мәселесі толық қамтылды. Бұндай пікірді «Республикалық әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нина Каюпова білдірді.

Жаңаөзен оқиғаcына байланысты өткен сот үдерісінде ашықтық толық қамтылды - «Республикалық әйелдер одағы» бірлестігінің төрайымы Н. Каюпова

«Жаңаөзенде орын алған оқиғаны мен жалпы біздің қоғамның табиғатына қайшы деп білемін. Бұл әрбір қазақстандықтың жүрегіне аса ауыр соққы болды. Біз бейбітшілік пен келісім салтанат құрған ортада өмір сүріп жатқан елміз. Сондықтан да, елімізде ондай тәртіпсіздіктердің белең алуына әрдайым қарсымын», - деді қоғамдық бірлестік төрайымы Н.Каюпова.

Оның айтуынша, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар өзіне сай жазалануы шарт. «Менің ойымша, бүгінгі сот шешімі осы іске қатысушылардың әрқайсысының кінәсін айқындап, өз орнына қойып берді. Жаза да сәйкесінше тағайындалды. Бұны соттың ашықтығының толық қамтылғанынан көруге болады», - дейді ол.