Жаңаөзенде күн сайын 300 бас ұсақ мал етін өңдейтін комбинат ашылды

None
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзендегі жаңа ет комбинатында күн сайын 300 бас ұсақ мал мен 60-қа жуық ірі қара өңделеді. Қала тұрғындарына ұсынылатын экологиялық таза ет Қостанай, Ақтөбе, Атырау облысынан әкелінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нысан соңғы технологиялармен жабдықталған. Комбинатта 147 жұмысшы қызмет атқарады.

«Ет комбинатында бірнеше цех бар. Олар: мал сою және ет сақтау цехтары. Сондай-ақ жартылай дайын өнім әзірлейтін цех бар. Біз күнделікті 5 тонна жартылай дайын өнімдермен бұқтырылған ет өнімдерін шығарамыз. Ал айына 12 мың тонна ет өнімін таратамыз, - дейді компанияның негізін қалаушы Темір Лесов.

Комбинатқа ет еліміздегі ең жоғары деңгейлі, ауқымды бордақылау алаңдары орналасқан Қостанай, Ақтөбе, Атырау облысынан және жергілікті, өзге де аймақтағы шаруа қожалықтарынан жеткізіледі. Мамандар еттен жартылай дайын өнімдер әзірлейді.


Соңғы жаңалықтар