Жаңаөзенде полиция пункті қалпына келтірілді

АСТАНА. 2. қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде әкімшілік қимараттарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша полицияның екі пункті толығымен қалпына келтірілді.
None
None

 Үшінші бекініс пунктінің құрылыс жұмыстары 95 пайызға орындалды, деп хабарлады pm.kz сайты.

Маңғыстау облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Жаңаөзен қаласының «Көктем» шағынауданында орналасқан  екі полиция пункті толығымен қалпына келтіріліп, «Арман» сауда үйінде орналасқан пунктінің жөндеу жұмыстары 95 пайызға орындалған.

Теңге ауылында әкімшілік ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Атап айтқанда, ауылдық әкімдіктің ғимараты мен полиция пункті толығымен жөнделген.

Сонымен қатар Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаз» компаниясы ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта ғимараттың ішін әрлеу жұмыстары жүргізілуде. 1 қаңтардағы мәлімет бойынша аталған жұмысқа 20 адам жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар