Жаңаөзенде жеті баланың анасы қаза тапты: күдікті – күйеуі

АҚТАУ. KAZINFORM — Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның күйеуі қамауға алынған.

әйел
Фото: freepik.com

Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында болған.

- Пышақ жарақатынан 44 жастағы әйел көз жұмды. Марқұмның жеті баласы бар. Оның бесеуі кәмелетке толмаған. Күдікті ретінде жұбайы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала анықталғандай, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал туындап, ол қайғылы жағдаймен аяқталған, - дейді Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Сағынов.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін, Жаңаөзенде жұмыс орнында жас дәрігердің пышақ жарақатынан мерт болғаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар