Президент: Жаңаөзен газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуі — Үкіметтің өрескел олқылығы

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент
Фото: Ақорда

Президент Үкімет осы мәселені қатаң бақылауға алуы керек екенін қадап айтты.

— Үшінші. Мен бұған дейін Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытын 2024 жылға қарай іске қосу туралы тапсырма бердім. Бірақ түрлі рәсімдер созылып, мердігермен келісім-шартқа былтыр ғана қол қойылды. Соның салдарынан зауытты іске қосу мерзімі 2027 жылға қалып қойды. Бұл — Үкіметтің өрескел олқылығы. Үкімет осы мәселені қатаң бақылауға алуы керек, — деді Тоқаев.

Осыған дейін Мемлеке басшысы Маңғыстау облысындағы халық саны бір миллионға жетуі ықтимал екенін айтты.

Кеңес барысында Мемлекет басшысы Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына аймақтағы су тапшылығын азайту үшін нақты шешім қабылдауды тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар