Жаңаөзендегі білім ошақтары штаттық режимде жұмыс істеуде

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мектеп және мектепке дейінгі білім мекемелері штаттық режимде жұмыс істеуде, коммуналдық қызметтер бойынша іркілістер болған жоқ, деп хабарлады pm.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Жаңаөзеннің білім ошақтарын коммуналдық қызметпен қамтамасыз етуге ешқандай үзілістер болған жоқ. Электр қуаты да тұрақты беріліп отыр», - деп мәлім етті  Жаңаөзеннің қалалық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жаңабай Аймағамбетов.

«Жаңаөзеннің білім мекемелеріндегі температуралық режим санитарлық нормаға сай», - деп хабарлады ол.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда Жаңаөзен қаласында 15 мемлекеттік және 13 жекеменшік мектепалды білім беру мекемесі, 4 мектепалды білім беретін шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі барлық мекемеде 3990 бала тәрбиеленуде - бұл балабақша жасындағы барлық балалардың 71,8 пайызы

Жаңаөзенде 22 орта мектеп бар, оқушылардың жалпы саны 22 мың баланы құрайды.

Соңғы жаңалықтар