21:51, 15 Мамыр 2012 | GMT +5
Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында жарыссөз аяқталды
АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында жарыссөз аяқталып, сот кеңесу бөлмесіне кетті.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз баянында хабарланды.
Үкімді жариялау күні қосымша хабарланады.