Жанар Доғалова «Turkvizyon-2014» конкурсында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Turkvizyon-2014» конкурсында Қазақстан атынан қатысқан әнші Жанар Доғалова 225 балл жинап, жеңіске жетті.
None
None

«Біз жеңдік!!! Сіздердің сүйіспеншіліктеріңіз бен қолдауларыңызға зор алғыс!!!, - деп жазды продюсер Баян Есентаева Инстаграмда.

«Turkvizyon-2014» ІІ халықаралық телевизиялық ән конкурсының финалы Қазан қаласында өтті, жеңіске жетулері үшін жартылай финалда ең көп балл жинаған 15 қатысушы конкурста сынға түсті.

Жанар Доғалова финалда үшінші болып шықты, ол «Ізін көрем» деген композицияны орындады.

«Қазандағы фестивальға 24 елден және Ресей Федерациясының аймақтарынан 300-ден астам қонақтар шақырылды. Шараның құрметті қонақтары ұйымның тұрақты кеңесінің 32-ші отырысына қатысып жатқан ТҮРКІСОЙ елдерінің мәдениет министрлері қатысады», деп хабарлаған болатын бұдан бұрын ұйымдастырушылар.

«Turkvizyon-2014» жартылай финалында биыл түркітілдес елдерден 25 әртіс өнер көрсетті.

Халықаралық әншілер конкурсының жолдамасын жеңіп алу үшін Қазақстанның 16 орындаушысы сайысты.

«Turkvizyon-2014» түркі әлемі үшін «Еуровидениеге» балама іспетті. Конкурс аудиториясы 300 млн.-нан астам адамды қамтиды. Алғашқы «Turkvizyon» конкурсы өткен жылы түріктің Ескішаһар қаласында өткен болатын. Оған 24 ел мен аймақтардың өкілдері қатысты. Қазақстаннан қатысқан Rin'Go тобы финалдың қорытындысында 9-шы орынға ие болды.

Келесі жылы конкурс Түрікменстанда, Мары қаласында өтеді.

Жанар Доғалова «Астана жұлдызы» ұлттық сыйлығы нұсқасы бойынша 2014 жылдың үздік әншісі атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар