Жанар-жағармай нарығында ойыншы көп болуы тиіс – Мәжіліс депутаты
АСТАНА. KAZINFORM – Жанар-жағармай нарығында ойыншы көп болуы тиіс. Бұл туралы BIZDIÑ ORTA подкастында Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев айтты.
Оның айтуынша, еліміздегі негізгі үш мұнай өңдеу зауыттары кеңес заманда салынып, бүгінде әбден ескірген.
- Шынын айтқанда ескінің ескісі. Өздерінің жоспарларына сай өзгерістер жасап жатыр. Бірақ, олар сол өзгерісті жасап боламын дегенше технологиялар өзгеріп кетеді. Қазір шағын көлемдегі мұнайды контейнерлерде де өңдеуге болады. Сондай технология бар. Жалпы, нарықта ойыншы көп болуы керк. Ал бізде не бәрі үшеу ғана. Монополия бар, бір-бірімен келісіп алады. Еліміздегі шағын 23 мұнай өңдеу зауытына квота берсек, үлкен бәсекелестік болар еді. Қазір, тез арада оларға мұнай квотасын беру керек те. Олар жылына 6-7 млн тоннадай жанар-жағармай шығара алады, - деді Мұрат Ергешбаев.
Айта кетейік, Qazaq Oil жанармай құю бекеті бензинді мөлшерден аз құйып келген.