Жанар-жағармайлардың баға құрауы және жеткізілуі Шығыс Қазақстан облысында айрықша бақылауға алынды - облыс әкімінің орынбасары

ӨСКЕМЕН. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жанар-жағармайлардың баға құрауы және жеткізілуі Шығыс Қазақстан облысында айрықша бақылауға алынды. Бұл жөнінде бүгін өткен селекторлық кеңесте облыс әкімінің орынбасары Серік Тәукебаев айтты,
None
None

 деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Бүгінгі күні аймақтағы жағдай бойынша жеткізіп беру тапшылығы 6 мың тонна бензинді, ай сайынғы тұтыну - 18 101 тонна жанар-жағармайды құрайды, іс жүзінде облысқа 12 082 тонна жеткізіледі.

 ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен облыс әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды, оған сәйкес «Гелиос» ЖШС мен «ҚазМұнайГаз» аймаққа 20 мың тонна мөлшерінде жоғары октанды бензин жеткізіп беруге өздеріне міндеттеме алды.

 ҚР Үкіметі желтоқсанның 1-інен бастап жоғары октанды бензиндердің бөлшек сауда бағасын 82 теңге дегейінде белгілеу туралы шешім қабылдағанын естеріңізге саламыз.

Соңғы жаңалықтар