Жанат Мекеева ШҚО дін істері басқармасына басшы болып тағайындалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының басшысы лауазымына Жанат Мекеева тағайындалды.

тағайындау
Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

Жанат Жұмағазықызы 1979 жылы 27 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында дүниеге келген.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі (2003 жыл) және құқықтану мамандықтары бойынша (2009 жыл) бітірген.

2003-2006 жылдар аралығында ШҚО денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы, бас маманы;

2006-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы;

2010-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы;

2012-2013 жылдары ШҚО әкімі аппаратының бас маманы;

2013 жылы ШҚО білім басқармасының бөлім басшысы;

2014-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы;

2016-2022 жылдары ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;

2022-2023 жылдары ШҚО әкімінің кеңесшісі болды;

2023 жылдың қараша айынан бастап осы күнге дейін ШҚО әкімі аппараты хатшылығының басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар