17:33, 07 Наурыз 2012 | GMT +5
Жаңатас қаласының тұрғыны «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы біліктілігін арттырып, жұмысқа орналасты
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Тұрмысы нашар отбасынан шыққан Азат Қараман 4-ші дәрежеде газ-электрдәнекерлеруші мамандығы бойынша Жаңатас қаласының №5 кәсіби лицейін тәмамдаған.

Ол бірінші бағыт бойынша мемлекеттік «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысты.
Азат «газ-электрдәнекерлеуші» мамандығы бойынша Тараз қаласының №1 кәсіби лицейінде біліктілігін арттырды. Ол оқуды бітіргеннен кейін аталмыш мамандықтың 5-дәрежедегі біліктілік иесі атанды.
Оқу барысында тұруы мен жолақысына субсидия беріліп, 12 188 теңге көлемінде шәкіртақы алып тұрды.
Ол оқу аяқталған соң мамандығы бойынша «Жаңатас металлургиялық комбинаты» ЖШС-не жұмысқа орналастырылды, орташа жалақысы 20 000-25 000 теңгені құрайды.