Жаңатастағы металлургия комбинаты экологиялық проблемаға душар болды - Жамбыл облысы
деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.
Комбинатта металл балқыту басталғаннан соң, ауаға айтарлықтай көлемде зиянды қалдықтар шыға бастаған, бұл жаңатастықтарды алаңдатып, олар қаладағы экологиялық жағдайдың нашарлағаны жөнінде қарсылық білдірген.
Осыған байланысты кәсіпорын 300 млн. доллар тұратын арнайы тазалау сүзгісін сатып алып, орнатқан. Алайда құрылғыны орнатудағы кемшіліктерге байланысты зиянды қалдықтардың бөлінуі азайған жоқ.
Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев жуықта әкімдікте өткен кеңес барысында «Жаңатас» Металлургия комбинаты» ЖШС-не қалыпты көрсеткішке жеткенше сүзгінің жұмысын қадағалауды тапсырған. Әйтпесе, эколог мамандар кәсіпорынның жұмысын тоқтатады, деп ескерткен.
Қазіргі таңда кәсіпорын 450 млн. теңге қаражаттың 400 млн. теңгеге жуығын игерді. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, техникалық құрылғылар орнатылған. Іске қосу-реттеу жұмыстары жалғасып жатыр.
По заверению руководства ТОО «Металлургический комбинат «Жанатас», сырьем предприятие будет обеспечено, так как металлолом принимается по высокой цене.
«Жаңатас» Металлургия комбинаты» ЖШС-нің басшылығы металл сынықтары жоғары бағамен қабылданатындықтан кәсіпорын шикізатпен қамтамасыз етіледі деп сендірді.