Жаңазеландиялық шіркеуге ұялы телефондар үшін айып салынды

АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат - Окленд қаласындағы шіркеудің қызметшілері өз келушілерінің қабылдайтын телефон қоңырауларын бұғаттауға әрекет жасағандары үшін 1250 жаңазеландиялық доллар (30 мыңға жуық ресей рублі) айып төлеу туралы бұйрық алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Діни қызметшілер Жаңа Зеландияда жұмыс істейтін жиілікке кедергі келтіретін арнайы құрылғыны шіркеу үйіне орнатқан және баптаған. Алайда мұндай аппараттарды елде лиензиясыз пайдалану заңсыз болып табылады.

Жаңа Зеландияның Экономикалық даму министрлігінің арнайы таратқан мәлімдемесінде, мұндай құрылғылардың ғибадатшыларға проблема туындатпауы мүмкін болғанымен, алайда шіркеуге іргелес аумақтардағы ұялы байланыстың жұмысына әсер етуі ықтимал екені айтылған.

Өз кезегінде, елдегі аса ірі Vodafone ұялы байланыс операторының өкілі мұндай шешімнің компания клиенттерінің құқықтарын қорғайтынын атады. Соңғы уақыттары шіркеуге жақын маңдағы ұялы байланыстардың жұмыстарында ақаулар әдеттегіден жиі байқалатын болған.

Байланысқа кедергі келтіретін құрылғылар ұялы байланыс операторлары пайдаланатын жиіліктерге сигналдарды жиі жіберіп тұрады. Ресми түрде олар Жаңа Зеландияда тек түзеу мекемелерінде ғана пайдалануға рұқсат етілген. Алайда оларды бей-берекет пайдалану ел үкіметі үшін соңғы уақыттары проблемаға айналды. Мұндай аппараттарды аралда орналасқан мемлекетте сатып алу мүмкін болмағанымен, оларға интернет арқылы тысқары жерлерге оп-оңай тапсырыс беруге болады.

Соңғы жаңалықтар