Жаңажылдық мерекеге Петропавлда 14 мұз қалашық салынды

ПЕТРОПАВЛ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда қаланың коммуналдық кәсіпорындары қызметкерлері жаңажылдық мерекеге 14 мұз қалашық тұрғызды, олар қаланың орталық бөлігінде және шағынаудандарда орналасқан.
None
None

Көп жылғы дәстүр бойынша мереке күндері халық серуені Петропавлдың орталық алаңында өтеді, онда биіктігі 20 метрден асатын қаланың басты шыршасы орнатылды. Биыл бұл жерге алғаш рет балалар әлпеншектері  қойылды. Көркемөнерпаздар өнер көрсететін сахна жасалды.

Жаңажылдық сырғанақтар, мұз мүсіндер, шыршалар «Қазақстан» кинотеатрының маңында, «Түркістен» мәдени ойын-сауық кешенінің жанында, теміржол вокзалында, қалалық мәдениет және демалыс саябағында,  «Достық» алаңында, Бензострой, Заречный, Тері зауыты, Солнечный кенттерінде жасалды. Мұз қалашықтар Подгоры ауданында, 19-шы шағынауданда, Петропавлға кіреберістегі Пестрое өзені маңында да жасалған.  Қала көшелері мен ғимараттардың қасбеттері, дүкендердің әйнектері  түрлі-түсті шамдармен    безендірілген.

Соңғы жаңалықтар