Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жеңіліп көрмеген боксшы Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмақтағы WBO белбеуі үшін кіммен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты.

Жәнібек Әлімханұлы
Фото: Sports.kz

Спортшының айтуынша, ол шаршы алаңға 2026 жылдың желтоқсанында-ақ оралуға әзір.

— Жекпе-жегіміз Джошуа-Фьюри кездесуінің андеркардында өтеді деп ойлағанмын, — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Дегенмен өкінішке қарай, қазақстандық боксшы мен орта салмақтағы WBO титулына үміткер Джейкоб Банктің промоутерлері арасындағы келіссөз сиырқұйымшақтанып барады.

— Бірақ әзірге ешқандай жаңалық жоқ. Өзім де жаңалық күтіп отырмын, — деді Әлімханұлы.

Қазақ боксшысы бұған дейін Нью-Йоркте рингке шыққысы келетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, Хамза Шираз Әлімханұлымен жұдырықтасудан бас тартып, WBO белбеуінен айырылған.