Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды: даниялық боксшы әлі жеңілмеген
АСТАНА. KAZINFORM — АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) кезекті жекпе-жегін жеңіліп көрмеген даниялық боксшы Якоб Банкке (20-0, 11КО) қарсы өткізуі мүмкін.
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) бүгін супер орта салмақта әлем чемпионы титулына Жәнібек Әлімханұлы және Якоб Банк арасында міндетті жекпе-жекке ордер берді.
WBO чемпиондық комитеті тараптарға 15 күн ішінде келіссөздер жүргізуге және 2026 жылдың 7 қазанына дейін келісімге келуге уақыт беріледі.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, WBO 14 тамызда Жәнібек Әлімханұлын ресми түрде Хамза Шираздың міндетті қарсыласы ретінде белгілеп, қос тараптың командасына шарттарды келісуге 20 күн берілді. Алайда, боксшылардың командалары белгіленген мерзімде келісімге келе алмады.
Промоутерлік бәссауда нәтижесінде британдық боксшының промоутерлік компаниясы Queensberry Promotions 1 001 809 доллар ұсынып, жекпе-жекті өткізу құқығын жеңіп алды.
Алайда, Хамза Шираз жекпе-жектен бас тартып, чемпиондық титул бос қалды.